Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Әзербайжан Airlines ұшағының Ақтау маңында апатқа ұшырауына себеп болған Ресей әуе кеңістігіндегі оқиғаға байланысты кешірім сұрады, деп хабарлады paryz.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Путин Әзербайжан президентінен кешірім сұрады
Фото: kreml

“Владимир Путин бұл қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде болғанына байланысты кешірім сұрап, қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтты және зардап шеккендерге тез сауығып кетуін тіледі. Әңгіме барысында Әзербайжанның жолаушылар ұшағы кесте бойынша ұшып, Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға тырысқаны атап өтілді. Сол уақытта Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық әскери ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасаған, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарды тойтарған,” – делінген хабарламада.

Ресейдің Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің 263-бабы бойынша (әуе көлігі қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғағаны хабарланды. Алғашқы тергеу шаралары жүргізілуде, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынуда.

Қазіргі уақытта Әзербайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозный қаласында Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ Ресей, Әзербайжан және Қазақстанның тиісті қызметтері Ақтаудағы апат болған жерде бірлесіп әрекет етуде. Айта кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын.