Өзбекстанның Тахтакарача асуында таудан құлаған тас Chevrolet Cobalt көлігін басып қалып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 қараша күні Қашқадария облысында болған.
«Апатқа байланысты Самарқан мен Қашқадария облыстарын байланыстырып жатқан М-39 тас жолының 1 138-ші шақырымы уақытша жабылды», - деп мәлім етті ведомстводан.