Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Түркияда ер адам өзінің жаназасында тіріліп кетті

Ыстанбұлдың Фатих ауданында таңғажайып оқиға болды: қайтыс болды деп есептелген 80 жастағы Халит Байшу өзінің жерлеу рәсімі кезінде күтпеген жерден табытта оянып кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркияда ер адам өзінің жаназасында тіріліп кетті
фото: wsj.com

Соған қарамастан егде адам көп ұзамай қайтыс болды. NTV телеарнасының хабарлауынша, Байшу тамақ қатерлі ісігінен емделіп жатқан. Бір кезде ол қозғалмай, демі де шықпай, тірі екенінің еш белгісі байқалмады. Сөйтіп оны жерлеу намазын оқу үшін Айвансарайдағы қажы Ілияс Скимитар мешітіне жеткізілген.

– Бұрын біз мұны тек кинода көретін едік, енді оны шынайы өмірде де көрдік, – дейді марқұмның ұлы Игіт.

Жаназа кезінде табыттан кенеттен айқай естіле бастаған. Байшудың қызы әкесінің көмек сұрағанын айтқан.

Рәсімге қатысушылар шошып кеткен. Көп ұзамай оқиға орнына жедел жәрдем келіп, ер адамды ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.