Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Айгүл Сайлыбаеваның енесінің қайда жүргені анықталды – Германия прокуратурасы

Тергеу жүріп жатыр, бірақ әлі ешкім тұтқынға алынбаған. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Paryz.kz хабарлайды.

Айгүл Сайлыбаеваның енесінің қайда жүргені анықталды – Германия прокуратурасы
фото: әлеуметтік желіден

«Біздің білуімізше Айгүл Сайлыбаеваның енесі шет мемлекетте болуы мүмкін. Күйеуі мен баласының қайда екенінің тергеуге қатысы жоқ. Сондықтан ол туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр. Қосымша айғақтарды саралау қажет. Ешкім тұтқындалған жоқ», - деді прокуратура өкілі Йенс Нойбауэр.

Еске салайық, 40 жастағы экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті маусым айында Германияда табылған болатын. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған.