Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Швецияда немере баққан ата-әжелерге ақша төленеді

Швецияда ата-әжелері немерелерін баққаны үшін мемлекеттен ақшалай жәрдемақы алуда. Тиісті заң биыл жазда күшіне енді, деп хабарлайды Еuronews.  

Швецияда немере баққан ата-әжелерге ақша төленеді
Фото: euronews

Барлық әкімшілік демарштарды Швецияның Әлеуметтік сақтандыру агенттігі шешуде. Бұл – отбасылар үшін үлкен көмек. Швецияда бала күтіміне арналған демалыс туралы жаңа ережеге сай, ата-аналарға 45 күнге дейін ақылы демалысын баланың заңды қамқоршысы емес адамға аударуға мүмкіндік беріледі.

Жалғызбасты ата-аналар бір балаға 480 күндік ақылы демалыстың 90 күнін аудара алады. Швецияның әлеуметтік сақтандыру агенттігі өкілінің айтуынша, жаңа заң ата-аналардың жұмыс пен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдікті жақсартуға және гендерлік теңдікті нығайтуға бағытталған. Заңды ұсынған министр Швеция бүкіл Еуропаға үлгі болады деп үміттенеді. 

«Бұл бүкіл Еуропа үшін жақсы үлгі бола алады деп ойлаймыз. Осылайша жастарды балалы болуға, сонымен бірге еңбек нарығында қалып, белсенді жұмыс жүргізуге ынталандыруға болады», - деді елдің Әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Анна Тенье.

Әлеуметтік сақтандыру агенттігінің агенттікке хабарлауынша, тамыз айының соңына қарай 1500-ге жуық швед азаматы жаңа заң ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланды.