Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Қырғызстанда таулы аймақтағы нөсерден кейін сел жүріп, Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында орналасқан 3 ауылды су басты.
Салдарынан 20-ға жуық үй бүлінген. Көпір зақымданған. Табиғат апаты салдарын жою үшін жедел штаб құрылған. Қазір оқиға орнында 100-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр.