Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Бес алтын алған Өзбекстан құрамасы бас бапкерінің «жүрегі тоқтап қалды»

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Парижде Хасанбой Дусматовтың жеңісінен кейін жүрек талмасы ұстап қалған, деп хабарлайды paryz.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бес алтын алған Өзбекстан құрамасы бас бапкерінің «жүрегі тоқтап қалды»
Фото: Getty images

Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған соң, жаттығу залында тойлап жатқан.

Сол кезде 41 жастағы Толқын Қылышев жүрек талмасы ұстаған. Оған британдық бокс командасының дәрігері Хардж Сингх көмектесіп, жүрек-өкпе реанимациясын жасап, дефибриллятор қолданды.

«Мен жедел жәрдем көрсетуге арналған сөмкені ашып, дефибриллятор алып, электрод қойдым. Басында ол өз-өзіне келмеді, сосын 20-30 секундтан соң есін жиды», – дейді физиотерапевт Робби Лиллис.

Бас бапкер бірден ауруханаға жеткізілді. Бірақ кейін өз-өзіне келіп, басқа боксшыларды ринге алып шықты.

Айта кетейік, Өзбекстан бокстан Парижде жеті салмақтың бесеуінде топ жарды. Екі боксшысы екі дүркін чемпион атанды.