Қырғызстанның Жалал-Абад облысына қарасты Арстанбап ауылында 23 шілдеде алапат сел жүрді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан бір аурухана, сауда үйі, бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су шайып кеткен.
Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен келген шығын жайлы ақпарат нақтылануда.