Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматылық жарты ай бойы Үнді мұхитында жүзіп жүрген балықшыны құтқарды (ВИДЕО)

Ер адамды құтқарған бейнежазбаны Алматы тұрғыны әлеуметтік желілерде бөлісті. Ол бұл іске "Робинзон Крузоны құтқару" деген атау берген.

Алматылық жарты ай бойы Үнді мұхитында жүзіп жүрген балықшыны құтқарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ер адам дауыл мен жолдастарының өлімінен кейін 15 күн бойы ашық мұхитта жалғыз өмір сүрген. Алматылық Ұлан Әбдірайымов балықшыны құтқарғандардың қатарында болыпты, деп хабарлады paryz.kz.

Ол Мальдив аралында достарымен демалып жатқан. Туристер балық аулауға шығады. Осы кезде олар алыстан біртүрлі затты байқайды...

Ер адамды құтқарған бейнежазбаны Алматы тұрғыны әлеуметтік желілерде бөлісті. Ол бұл іске "Робинзон Крузоны құтқару" деген атау берген.

Шри-Ланка азаматының қайығы дауылға шыдамай, моторы сынып, мұхитта жалғыз қалған. Жанындағы серіктері қайтыс болған, өзі екі аптадан астам уақыт мұхит бетінде жалғыз қалған.