Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Иранның жаңа президенті сайланды

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі реформатор Масуд Пезешкиан Иран президентін сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат порталы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Иранның жаңа президенті сайланды
Фото: Anadolu Agency

Ол IRIB эфирінде айтқандай, бүкіл 30,530 млн бюллетеньді есептеу нәтижесі бойынша қазіргі Иран тарихында тоғызыншы сайланған президент Пезешкиан 16,384 млн дауыс жинады.

Бұл — жалпы санның кем дегенде 53,6 пайызы.

Иран басшысының республиканың ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі өкілі консерватор Саид Джалили 13,538 млн дауыс жинады, сәйкесінше — 44,3%.

Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 49,8 пайызы дауыс берген.

— Дауыс берудің екінші турына 30,530 млн сайлаушы қатысты, ал Иранда 61 миллионға жуық адамның дауыс беруге қақысы бар. Президент сайлауының бірінші кезеңінде келушілер үлесі шамамен 40% құрады, бұл — Ислам Республикасы тарихындағы ең төменгі көрсеткіш, - деді Эслами. 

5 шілдеде Иранда кезектен тыс президент сайлауының екінші туры өтті, ол елдің атқарушы билігі басшысының кенеттен қайтыс болуына байланысты белгіленді.