Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Путин Қырғызстанда орыс тілін нығайтқысы келеді

19 ақпанда Үкіметтің "Қырғызстан сөзі" газетінде Садыр Жапаровтың мақаласы жарияланды. Онда қырғыз басшысы орыс тілі мәртебесін саяси манипуляция ретінде пайдалануға қарсы екенін жазған...

Путин Қырғызстанда орыс тілін нығайтқысы келеді
фото: Reuters

24 ақпанда, яғни кеше Мәскеуде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті, деп хабарлады paryz.kz, centrasia.org-ке сілтеме жасап.

Кремльдің хабарлауынша, Ресей басшысы Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, оның "ел ішіндегі саяси жағдайды реттей алатынына" сенетінін айтқан. Бұған қоса, Путин күн тәртібінде көптеген мәселе талқыланатынын, кездесулер екі елдің қарым-қатынасын дамытуға үлес қосатынын жеткізді.

Садыр Жапаров Қырғызстан "Ресей Федерациясымен әріптестікке әрдайым дайын екенін" айтып, Путинді кез келген уақытта елге ресми сапармен келуге шақырды. Осы орайда Владимир Путин Қырғызстандағы орыс тілі мәртебесіне қатысты мәселені де көтерген.

"Сіздің орыс тілінің мемлекеттік мәртебесін сақтағаныңыз екі елдің қарым-қатынасы үшін аса маңызды екенін айтқым келеді. Бұл бізге де, Қырғызстан азаматтары үшін де маңызды, өйткені Ресейдің еңбек нарығына кіруді жеңілдетеді. Өз тарапымыздан қырғызстандықтардың Отанында орыс тілін үйренуге жағдай жасау үшін бәрін жасаймыз. Жоспарлар бар", - деді Путин.

19 ақпанда Үкіметтің "Қырғызстан сөзі" газетінде Садыр Жапаровтың мақаласы жарияланды. Онда қырғыз басшысы орыс тілі мәртебесін саяси манипуляция ретінде пайдалануға қарсы екенін жазған.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Мәскеуге екі күндік сапары 24 ақпанда басталды.