Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Бүкіл әлем вакцина алмайынша, індет тоқтамайды" - ДДСҰ

"Екпе жұмыстары кедей елдерде де жаппай жүргізілмесе, оның жалпы әсері немесе тиімділігі төмен болуы мүмкін", - дейді ДДСҰ басшысы.

"Бүкіл әлем вакцина алмайынша, індет тоқтамайды" - ДДСҰ
фото: ашық дереккөз

"Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жаппай жүргізілсе ғана індетті тоқтатуға көмектеседі". Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жұқпалы кеселмен күреске қатысты осылай деп мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Егер халықты егу кейінге шегерілсе, жаңа штамдар пайда болып, оның тиімділігі төмендейді. Ал кедей елдерде екпенің жетіспеуі дамыған елдердегі жағдайды да нашарлатуы мүмкін.

"Сондықтан бай елдер өз азаматтарын COVID-19-дан қорғау үшін кедей елдердегі вакциналауға атсалысуы керек", - дейді ұйым басшысы.

Сондай-ақ Гебрейесус "қазір коронавирусқа қарсы қандай да бір вакцинаның қауіптілігі жайында мәлімет жоқ" деді.

"Үлкен жетілікті құрайтын мемлекеттер өз халқын коронавирусқа қарсы вакциналауға шұғыл кірісті. Ол жақсы. Алайда екпе жұмыстары кедей елдерде де жаппай жүргізілмесе, оның жалпы әсері немесе тиімділігі төмен болуы мүмкін. Сондықтан дамыған елдер "Ковакс" бойынша келісімді орындаса ғана біз кірісі төмен елдерді қажетті мөлшерде вакцинамен қамтамасыз ете алатын боламыз. Бұл - өте маңызды мәселе", - дейді ДДСҰ басшысы.