Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Пошта қызметкері клиентпен орысша сөйлескені үшін жұмысынан қуылды

Жанжал ақпан айының ортасында болған. Поштаға келушілердің бірі камераға қарап, өзін таныстырудан бас тарқан бөлімше қызметкерін видеоға түсіріп, желіге жүктеген. 

Пошта қызметкері клиентпен орысша сөйлескені үшін жұмысынан қуылды
фото: дереккөз

Украинада  "Укрпочтаның" Кривой Рогтағы пошта бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары клиентпен орыс тілінде сөйлескені және эпидемияға қарсы шараларды сақтаудан бас тартқаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлады paryz.kz, Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Жанжал ақпан айының ортасында болған. Поштаға келушілердің бірі камераға қарап, өзін таныстырудан бас тарқан бөлімше қызметкерін видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Ер адам пошта қызметкерінен украин тілінде жауап беруді және медициналық маска киюді сұраған. Алайда бөлімше меңгерушісінің орынбасары оның өтінішін орындаудан дөрекі түрде бас тартады. Кейіннен ол клиенттің үстінен полицияға шағымданған.

"Укрпочта" өкілдері журналистерге әйелдің бірнеше ережені, соның ішінде Тіл туралы заңның ережелерін және жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде қолдану талабын бұзғанын растады.

"Қызметкер клиенттерге қызмет көрсету ережелерін елемеді, келушіге дауыс көтерді және дөрекі сөздер қолданды. Бұл - шектен шыққандық. Дөрекілігін және бұған дейін де басшылық тарапынан қызметкердің қызмет көрсету сапасына қатысты ескертулердің болуын ескере отырып, компанияда қызметкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті пошта өкілдері.