Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарға әлеуметтік желілерге шығуға шектеу қойды, деп хабарлады Paryz.kz.
Бұл туралы «Азаттық» радиосының Өзбек қызметі жазды.
27 мамырда Өзбекстан мешіттеріндегі имамдар әлеуметтік желілерге кірмеу және ондағы жазбаларға «лайк» баспау туралы ескерту алған, — делінген материалда.
Имамдар діни басқарма шешімін олардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту деп санайды.