Кеше түнде 53 жастағы ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Танымал актрисаның көз жұмғаны жайлы ақпарат оның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. Анстасия Заворотнюк ұзаққа созылған дертке шалдыққаны белгілі еді.
Құрметті достар! Бұл жағдайды қабылдау және мұндайда бірдеңе айту қиын. Біздің Настя ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін бүгін түнде өмірден өтті. Шын жүректен жақсылық тілеп, оған денсаулық сұрап, сенген әрбіріңізге алғыс айтамыз. Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінді және жоғары бағалады.
Біз бүгін кешке онымен қоштасу орны мен уақыты туралы хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
Халық арасында «Менің сүйкімді күтушім (няня)» комедиялық ситкомындағы рөлімен кеңінен танылған өнер иесі ұзақ жылдар бойы ми ісігімен күрескен.