Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Молдова президенті Кремльдегі шалдарды шалқасынан түсіріпті

ЕАЭО-ның экономикалық емес, таза саяси одақ екенін түсініп, бірден ат-тонын ала қашып отыр.

Молдова президенті Кремльдегі шалдарды шалқасынан түсіріпті
фото: ашық дереккөз

Молдованың жаңа президенті Майя Санду президент ретінде алғашқы визитті Еуроодаққа жасаған. Бұған Кремль шалқасынан түсіп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы Қуаныш Еділхантегі facebook-тегі парақшасында жазды.

Бұрынғы президенттер ең алдымен алғашқы сапарларын Мәскеуге жасап келген екен. Бұдан былай Молдова Мәскеудің айтқанымен жүрмейтіндігін көрсетіпті сөйтіп. Әсіресе, Додонның кезінде Мәскеу Молдованы өзімізге түпкілікті қарады деп есептеп келген көрінеді.

"Додонның тағы бір жасап кеткені - Молдованы ЕАЭО-ға мүше болмаса да соған жақындатып кетіпті. Додон енді бір мерзім сайланғанда ЕАЭО-ға кіргізіп кетуге сәл қалыпты. Майя Санду осы жобадан бас тартып отыр. Оның айтатыны - бәрібір Кремль Молдоваға дербес экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік бермейді, сондықтан ондай одақтан бірден бас тартқан дұрыс. Роскомнадзор қадам бастырмай, ұнамаса, тауарларын біржақты кері қайтарып отырады. Жақында да солай жасады, ал ЕАЭО-ның басқа елдерімен біз әлі байланысқа түсе қойған жоқпыз", - депті жаңа президент.

Қандай ақылды әйел десеңізші! ЕАЭО-ның экономикалық емес, таза саяси одақ екенін түсініп, бірден ат-тонын ала қашып отыр.

"Ал сексенге келіп селкілдеп қалған біреулер бізді қораға тықты да кетті. Әлі күнге шейін осы қателігін мойындамақ түгілі, дұрыс жасадық деп бет бақтырмайды. Оны және керемет даналық деп, айналасы өтірік мақтауға мәжбүр. Сорлылық деген осы. Жаңа президент Украинамен достықты жаңа сатыға көтеруге ұмтылып отыр. Шекаралас екі елге трансшекаралық саудаға мол мүмкіндіктер бар. Басқа да артықшылықтары жетеді. Сондай-ақ Молдова Еуроодақпен жеті мильдік жылдамдықпен жақындасып жатыр. Түбі ЕО-ның бір мүшесі болатыны анық", - дейді пост авторы.

Ал Мәскеу іші ит талағандай, қызғаныштан жарылып жатыр. Алайда ұсына қояр еш тартымдылығы - не жаңа технологиясы, не ғылыми жетістігі, не ақшасы, тіпті жағдайы жоқ. Бар болғаны, Молдоваға қатысты саясатта провалға жол бердің деп, сол бағытқа жауапты генерал Чернов дегенді жұмыстан алыпты. Өзімізге таныс картина емес пе? Бізде де сол жағдай ғой.