Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Екі миллион доллар»: президенттің күйеу баласының қол сағаты желіде дау тудырып жатыр

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы Отабек Умаровтың қолына таққан сағаты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

«Екі миллион доллар»: президенттің күйеу баласының қол сағаты желіде дау тудырып жатыр
фото: Sadaqmedia

Мирзиеевтің күйеу баласы Өзбекстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарады. Умаровтың сағаты бар суретін блогер Санжар Ходжи жариялады.

Президенттң күйеу баласының таққан сағаты Richard Mille RM UP-01 Ferrari брендіне тиесілі. Оның құны 1,8-ден 2 миллион долларға дейін және коллекция саны шектеулі.

Блогер мемлекеттік қызметкерге мұндай қаражат қайдан келуі мүмкін деген таңданысын жеткізді. Сондай-ақ ол сағат құнының Өзбекстанның 32 мың тұрғынының зейнетақысына тең екенін атап өтті.

"Жалақысын қарапайым салық төлеушілер төлейтін мемлекеттік қызметкер Отабек Умаровтың сағатының құны 1 миллион 880 мың доллар. Бұл күнін әрең көріп отырған 32 932 зейнеткердің ай сайынғы зейнетақысы. Салық төлеушілердің жалақысына күн көретін мемлекеттік қызметкер мұндай сағатты қалай сатып алған?" – деді блогер Санжар Қожа.

Отабек Умаров 39 жаста. Ол Өзбекстан президентінің қызы Шахноза Мирзиееваның жолдасы. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Өзбекстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарды.