Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Грузия оқу жылының басталуын кейінге қалдырды

Грузияның Тбилиси, Кутаиси, Рустави, Гори, Зугдиди және Поти сияқты 6 ірі қаласында оқу жылының басталуы 1 қазанға дейін қалдырылды. Бұл елдің премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді, деп хабарлады  ҚазАқпарат «Грузия жаңалықтары» агенттігіне сілтеме жасап.

Грузия оқу жылының басталуын кейінге қалдырды
сурет Sputnik / Olga Kiknavelidze

«Осы қалалардағы жоғары оқу орындары, сондай-ақ мектептер оқу процесін 1 қазаннан бастайды. Бұл қазіргі тәуекелдерді дұрыс бағалау үшін қажет. Ол үшін эпидемиологтар мен біздерге екі апта қажет. Осыдан кейін біз балаларға қатысты қосымша шешімдер қабылдаймыз», – деді Гахария.

Бұл шектеулер ірі қалалардағы барлық жекеменшік және мемлекеттік оқу орындарына қатысты. 15 қыркүйек – 1 қазан аралығында студенттер мен оқушылар қашықтан оқитын болады.

Айта кетсек, бұған дейін оқу жылының басталуы елдегі індет ошағына айналған - Батуми мен Кобулети қалаларында кейінге шегерілген болатын. Грузияда коронавирустың өршуі 1 қыркүйектен бері тұрақты сақталып келеді. Соңғы тәуліктің өзінде коронавирустың жаңадан 87 жағдайы тіркелді. Бұл эпидемия басталғалы рекордты көрсеткіш болып табылады.