Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Онлайн конференцияға тыр жалаңаш қатысқан әйел жиналыстың шырқын бұзды

Онда отырған көптеген адам бұл жағдайда салмақты болуға тырысса да, "Честер" жаттықтырушысы Энтони Джонсон өзін ұстай алмай, күліп жіберді.

Онлайн конференцияға тыр жалаңаш қатысқан әйел жиналыстың шырқын бұзды
фото: ашық дереккөз

11 ақпанда "Честер" футбол клубы жанкүйерлермен онлайн кездесу өткізуді жоспарлаған. Алайда жиналыс уақытынан бұрын аяқталды, деп хабарлады paryz.kz, eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, "Сити фанс Юнайтед" ұйымы "Честердің" басшылығы және клубтың бас бапкерімен тілдесу үшін жанкүйерлерді шақырған. Кездесудің жалғыз шарты этикет пен әдептілік ережелерін сақтау болатын. Бірақ онлайн конференцияға тыр жалаңаш әйел кіріп, жиналыстың шырқын бұзды. Онда отырған көптеген адам бұл жағдайда салмақты болуға тырысса да, "Честер" жаттықтырушысы Энтони Джонсон өзін ұстай алмай, күліп жіберді.

"Біз ZOOM кездесуімізді пайда болған қорлау материалдарының кесірінен ертерек аяқтауға мәжбүр болдық. Келеңсіз жағдай үшін барлығынан кешірім сұраймыз. Біз оны мүмкіндігінше тез өшірдік, бірақ өкінішке қарай, осындай жағдай онлайн конференцияда бірнеше рет қайталанған соң жиналысты аяқтаудан басқа амал қалмады", - делінген "Сити фанс Юнайтед" хабарламасында.