Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қытай армиясы АҚШ соғыс кемесін даулы теңізден қуып шықты

Қытай "Сиша аралдары" деп атайтын Паракел аралдары - Қытай, Тайвань және Вьетнамға тиесілі.

Қытай армиясы АҚШ соғыс кемесін даулы теңізден қуып шықты
фото: дереккөз

Батыстық БАҚ Қытай мен АҚШ-тың Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленісі күшейгенін хабарлады. Қытайлық басылым Бейжің әскери күштерінің АҚШ соғыс кемесін өкшелей қуып, даулы теңізден шығарғанын жазды, деп хабарлады paryz.kz, qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, АҚШ пен Қытай әскери күштерінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі бұрын-соңды болмаған шиеленісі пайда болды. Екі жақ бір-біріне бірнеше рет қатерлі қоқан-лоққы жасаған.

Президент Джо Байден кезінде АҚШ әскери күштері бірінші рет даулы Паракел аралдары маңына соғыс кемесін жіберді. Сол сәтте АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 7-ші флоты "теңізде жүзу еркіндігі" операциясын жасағанын мәлімдеп, "бүкіл әлем бойынша заңсыз теңіз талаптарына қарсы тұратынын" жеткізді.

Қытай "Сиша аралдары" деп атайтын Паракел аралдары - Қытай, Тайвань және Вьетнамға тиесілі.

Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы Global Times-тың хабарлауынша, АҚШ кемесін Қытай армиясы қадағалап, даулы теңізден шығарып жіберген. Ал Reuters агенттігінің ақпаратына сәйкес, Қытай бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аралдар маңында АҚШ күштеріне қарсы келген. Тек 30 желтоқсанда ғана "USS John S. McCain" және "USS Curtin Wilbur" деп аталатын Вашингтонның екі соғыс кемесі Тайвань бұғазына жіберілген.

Оңтүстік Қытай теңізіндегі басқа территорияларға Малайзия, Бруней және Филиппин сияқты елдердің таласы бар.