Спинкс барлығы 46 жекпе-жек өткізген...
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) және Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқалары бойынша бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы Леон Спинкс простата обырымен, басқа да патологиялармен 5 жыл бойы күресті, деп хабарлады paryz.kz, rambler.ru-ға сілтеме жасап.
Бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы 67 жасында көз жұмды. Өмірден өтерде зайыбы Бренда жанынан табылды.
Спинкс – 1976 жылғы Олимпиада чемпионы. Ол 1978 жылы ақпанда Мұхаммед Әлиді жеңгеннен кейін бүкіл әлемге танымал болды. Әли осы жекпе-жекте мансабын аяқтауды жоспарлаған еді. Оңай жеңіске жететініне сеніп, тіпті жаттықпаған да болатын. Ал нәтижесінде Спинкс төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Реванш үшін Әли мансабын аяқтау туралы шешімін өзгертті. Спинкс барлығы 46 жекпе-жек өткізген. Оның 26-сы жеңіспен аяқталып, 17 жеңіліс және 3 тең ойын болды.
Спинкс қайтыс болардан бірнеше минут бұрын өзінің ұлы, бұрынғы әлем чемпионы Кори Спинкспен сөйлесіп, сырласуға күш жинай алды.