Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Солтүстік Ирландияда жоғалған мысық төрт жылдан кейін басқа елден табылды

Солтүстік ирландиялық отбасы жоғалған мысығын төрт жылдан кейін басқа елдегі үйінен тауып алды, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Солтүстік Ирландияда жоғалған мысық төрт жылдан кейін басқа елден табылды
Фото: azertag.az

Агенттіктің хабарлауынша, Блуберри атты қара мысық 2019 жылдың қараша айында жоғалып кеткен. Ол Солтүстік Ирландияның солтүстігіндегі Даун округінің Бангор қаласында, Смит отбасында мекен еткен және ақпан айының басында күтпеген жерден Ирландия Республикасының батысындағы Голуэй округінен табылды.

Қаңғыбас мысықты Мойкуллен ауылының тұрғыны байқап қалған. Ол Super Valu супермаркетінің маңынан табылды. Мысық ауру болып көрінгендіктен, ер адам оны жергілікті мал дәрігеріне апарған. Одан мысық тұмауы анықталды. Ветеринарлар мысықтан микрочип тапты, бірақ ирландиялық үй жануарлары базасынан іздеу нәтиже бермеді. Содан кейін ветеринарлар Еуропаның 26 ​​елін қамтитын Europetnet мәліметтер базасын іздеп, Ұлыбританиядан сәйкестік тапты. Олар мысықтың аты Блуберри, жасы 10-да екенін, осыдан төрт жыл бұрын адасып, 240 шақырым жол жүріп, мемлекеттік шекарадан өткенін анықтады.

Смиттер отбасы мұндай жаңалықты күткен жоқ. Ханна Смит Вelfast Telegraph басылымына

«Біз одан біржола көз жазып қалдық деп ойладық. Бірақ оңтүстіктен біреу қоңырау шалып, мысығымыздың табылғанын айтты», - деді. 

Ханна мен оның ата-анасы алғашында сене алмады. Смиттер мысықты үйіне алып кетті. Айтуларынша, мысық иелерін бірден танып, аяғына жармасқан.