Оның пікірінше, Путин қысым жасауды жалғастырса, тірі қалудың мүмкіндігі жоқ екенін біледі...
Владимир Путинді ливиялық тиран Муаммар Каддафи сияқты ресейлік наразылық білдірушілер өлтіруі мүмкін. Бұл туралы ресейлік-америкалық сарапшы Юрий Фельштинский мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.
Юрий Фельштинский Путин "Каддафи сияқты өлтірілуден қорқады" дейді. Оның пікірінше, ресейлік демонстранттар оппозиционер Алексей Навальныйды түрмеге жапқанына ашулы. Енді Юрий Фельштинский Ресей президенті билікті ұстап қалу үшін тек репрессияны күшейтетінін айтты және оның жағдайын 2011 жылғы Каддафимен салыстырды.
Ресейлік-америкалық автордың ойынша, Алексей Навальныйдың қамауға алынуы, соған байланысты жалғасып жатқан наразылықтар және оппозицияның қатты қуғын-сүргінге ұшырауы Путиннің ел ішіндегі қолдауға ие болуын төмендетіп жатыр. Сондықтан Путинде биліктен айырылып қалмау үшін наразыларды басып-жаныштайтын ғана таңдау бар.
Сарапшы The Sun басылымына "Путин өзінің басқару жүйесі қалыпты ережелер бойынша өмір сүре алмайтынын біледі. Ол идеалист емес" деп сұхбат берді.
"Ол қысым жасауды жалғастырса, тірі қалудың мүмкіндігі жоқ екенін біледі. Путиннің соңғы оқиғалардан соң алатын сабағы мынау: ол бақылауды күшейтуі керек және көбірек репрессия жасауы керек. Мұны біз енді көретін боламыз", - деді ол.