Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Навальныйға шығарылған сот үкімі халықтың наразылығын тудырды (ВИДЕО)

Шартты мерзімді ауыстыру туралы шешім әлі күшіне енген жоқ. Тараптардың шағымдануына он күн уақыт бар.

Навальныйға шығарылған сот үкімі халықтың наразылығын тудырды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Небәрі 2 апта бұрын ғана "Дворец для Путина" атты Ресей билігіндегі "жемқорлық тарихын" баяндап, деректі фильмін жариялаған оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты Мәскеу қалалық Симоновский соты үкім шығарды, деп хабарлады paryz.kz, ресейлік БАҚ ақпараттарына сүйене отырып. 

Сот үкімі бойынша, "Ив Рошер" ісіне байланысты 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу жазасына ауыстырылды. Навальныйдың үй қамауында бір жыл отырғаны ескеріліп, ол 2,5 жылын колонияда өткізеді.

Айта кетейік, шартты мерзімді ауыстыру туралы шешім әлі күшіне енген жоқ. Тараптардың шағымдануына он күн уақыт бар.

Сот үкімі шыққаннан кейін Навальныйды жақтаған мәскеуліктер алаңға шығып, қарсылығын білдірді. Видеодан кейбірін бақылаушылардың алып бара жатқанын да көруге болады.

"Түнде көшеге шыққан наразы халық саны минут сайын көбейіп жатыр", - деп мәлімдеген оппозициялық арналар.