Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Қалпына келтіру керек": Қарабақтағы қақтығыс зардабы ескерілуде (ВИДЕО)

Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінің бастығы Павел Лебедевтің айтуынша, шіркеудің қирауы - үлкен шығын...

"Қалпына келтіру керек":  Қарабақтағы қақтығыс зардабы ескерілуде (ВИДЕО)

Әзербайжан халқы Ходжавенд аймағындағы басқыншылар қиратқан православтық шіркеуді қалпына келтіру керегін айтып дабыл қағуда, деп хабарлады paryz.kz, AZE.az сайтына сілтеме жасап. 

Шіркеу XXI ғасырдың басында бой көтерген. Ондағы қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімінің бастығы Павел Лебедевтің айтуынша, шіркеудің қирауы - үлкен шығын. 

"Храмдардың бірін жоғалту – бұл ауыр. Егер ғибадатхананың сақталуы және православие құндылықтары мен сенімдері туралы куәлік етуі қажет болса, онда оны қалпына келтіру керек. Ол үшін ең алдымен белсенді сенуші қауымдастық қажет", - деді Павел Лебедев.

Сарапшылар Армения мен Әзербайжан билігін кінәлілерді жауапқа тарту және құрбандарға келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету үшін қақтығыс кезінде және одан кейін жасалған адам құқықтарының елеулі бұзушылықтары туралы мәлімдемелерге мұқият, жедел, тәуелсіз және бейтарап тергеу жүргізуге шақырды.

БҰҰ мәлімдемесіне сәйкес, екі жақ та әскери тұтқындар мен басқа да тұтқындарды қайтара бастады. БҰҰ оларды хабар-ошарсыз кеткендердің тағдырын нақтылауға және қаза тапқандардың денелеріне лайықты қарауға шақырды.