Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Оңтүстік Кореяда иттің етін жеуге тыйым салынды

Оңтүстік Кореяның Парламенті иттің етін жеуге тыйым салатын заңды қабылдады.

Оңтүстік Кореяда иттің етін жеуге тыйым салынды
Фото: Chung Sung-Jun

Заң бойынша итті өсіру мен союға, сондай-ақ оның етін жеткізу мен сатуға тыйым салынады. Заң жобасы былтыр қаралып, ел президентінің қол қоюына ұсынылған болатын. Енді заң мемлекет басшысы Юн Сок Ел мен Министрлер кабинеті қол қойғаннан кейін қолданылады. Содан кейін өз қызметін өзгертуге немесе тоқтатуға мәжбүр болатын кәсіпорындарға Үкімет қаржылық қолдау көрсетеді.

Соңғы дерекке қарағанда, Кореяда ит өсіретін 3 500-ге жуық ферма тіркелген. Олар елдегі 3 мыңға жуық мейрамхананы ит етімен қамтамасыз еткен.

Былтыр жүргізілген сауалнамаға сәйкес, елде ересек адамдардың 64 пайызы иттің етін жеу дұрыс емес деп санаған.

Айта кетсек, Қазақстанда әрбір жануарды жеуге рұқсат беретін нақты заң болмағанмен, арнайы санитарлық норма бар. Ит-мысық сою фактілері де Қылмыстық кодекстің 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша қаралады. Бұл ретте тамақтану орындарына ит сойып сатып жүрген ақмолалықтан 1 тоннадай ет тәркіленгенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ Алматы облысында ит соятын орын табылған болатын.