РФ президенті Владимир Путин Қазақстан, Беларусь пен Молдава азаматтары үшін Ресей азаматтығын жеңіл түрде алуға мүмкіндік беретін Жарлыққа қол қойды.
Кремльдің мәліметінше, құжат қажет талаптарды сақтамай-ақ осы 3 мемлекеттің кәмелетке толған азаматтарына Ресей азаматтығын алуға мүмкіндік береді:
Бірақ РФ азаматтығын алғысы келген адам орыс тілін білетінін дәлелдеуі қажет.
Құжат 18 желтоқсаннан бастап күшіне енді.