Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Байден трансгендерлердің әскерге баруына рұқсат берді

Ол сайлаудан кейінгі сөйлеген сөзінде трансгендерлер қоғамдастығына қолдау көрсеткен алғашқы президент болды.

Байден трансгендерлердің әскерге баруына рұқсат берді
фото: дереккөз

АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден Дональд Трамптың трансгендерлерге әскери борышын өтеуге тыйым салу туралы жарлығын алып тастады, деп хабарлады Stan.kz.

Ақ үй әскери қызметке жарамды барлық америкалықтар осындай мүмкіндікке ие болуы керек деп мәлімдеді. Байденнің айтуынша, гендерлік сәйкестік әскери қызметке кедергі болмауы керек.

"Американың күші - әртүрлілікте. Егер трансгендерлер білікті және қызметке жарамды болса, АҚШ армиясында қызмет ете алады", деді Джо Байден.

Жынысына қанағаттанбаған азаматтар алғаш рет Барак Обаманың кезінде Америка армиясында борышын өтеу құқығын алды. Кейін Дональд Трамп бұл жарлықты "медициналық шығындар мен қолайсыздықтар" деп түсіндіріп, тыйым салды. Ал Джо Байден сайлаудан кейінгі сөйлеген сөзінде трансгендерлер қоғамдастығына қолдау көрсеткен алғашқы президент болды.