Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сайлау науқанында қайырымды жандар Байденге 145 миллион доллар аударған

Бір қызығы, Байденді ұсынған Демократиялық партия бұған дейін анонимді көздерден ақшалай жәрдем алуды сынап келген еді...

Сайлау науқанында қайырымды жандар Байденге 145 миллион доллар аударған
фото: Andrew Harnik/AP

Джо Байден сайлауалды науқан кезінде аты-жөнін құпия ұстаған адамдардан қаржылай көмек алудан рекорд орнатты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

АҚШ президентіне қайырымды жандар 145 миллион доллар аударған. Бұл - Дональд Трамп алған ақшадан 5 есе көп. Ол жинаған қаражат көлемі 29 миллион долларға жетпейді.

Бір қызығы, Байденді ұсынған Демократиялық партия бұған дейін анонимді көздерден ақшалай жәрдем алуды сынап келген еді. Олар «бұл амал жемқорлыққа жатады» деп қарсы болған. Бірақ Трампты жеңу үшін демократтар былтырғы президент сайлауының алдында аталған ұстанымынан түбегейлі бас тартқан.