Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Арнасы өзгерген өзен қырғыздың 20 гектардан астам жерін Қазақстанға "өткізіп жіберді"

Содан кейін Мияров жағалауды бекітіп жатқан жеке кәсіпкер Нұржан Шайлообековтің жұмысымен танысқан...

Арнасы өзгерген өзен қырғыздың 20 гектардан астам жерін Қазақстанға "өткізіп жіберді"
фото: дереккөз

Шу өзенінің арнасы өзгеріп, Қырғызстан территориясының 20 гектардан астам жері Қазақстанға өтіп кетті. Бұл туралы Қырғызстан Шу облысының уәкілетті өкілі Мирбек Мияровтың Милянфан жергілікті басқаруына жоспарсыз сапары барысында белгілі болды, деп хабарлады paryz.kz, turmush.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Ыссық Ата ауданының әкімі Руслан Тайгашкаев құрылым басшыларымен бірге уәкілетті өкілге сол жерде мәліметті айтып берген.

Сонда Милянфан айыл окмоту басшысының міндетін атқарушы Элзар Рысбеков айыл окмотуна тиесілі жердің 20-дан  астам гектары өзен арнасы өзгеріп, Қазақстан тарапына өтіп кеткенін айтқан. Содан кейін Мияров жағалауды бекітіп жатқан жеке кәсіпкер Нұржан Шайлообековтің жұмысымен танысқан. Ол бір гектардан астам жерді қырғызстандық тарапқа қайтарғанын мәлімдеген.

"Жыл сайын Қырғызстанның ТЖМ жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізеді. Бірақ су толып кеткен кезде өзен арнасы бәрібір өзгереді", - делінген хабарламада.