Рамзан Қадыров қаза тапқандардың аты-жөні мен суретін жариялады...
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Бютукаев бандасының 6 өкілі жойылғанын мәлімдеді. Арасында топ лидері де бар, деп хабарлады paryz.kz.
"Олар екі рет қашып үлгерді. Бұл жолы барарға жер қалмады. Енді біздің өңірдегі террористер тізімінде бірде-бір адам жоқ" деп жазды Қадыров Twitter-ге.
Кейін ол қаза тапқандардың аты-жөні мен суретін жариялады. Олардың біреуі - 1960 жылғы Қазақстан тумасы.
Терриризмге қарсы ұлттық комитет арнайы операция кезінде 5 содыр жойылғанын хабарлады. Олардың басшылары Аслан Бютукаевтың 2011 жылы болған "Домодедово" әуежайындағы терактіге қатысы бар.
Ресей президенті Владимир Путин Шешенстан басшысы мен арнайы операцияға қатысушыларды құттықтады. Олардың бәрі марапатқа ұсынылады.