Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Қамалып отыру мүмкін емес!": 6 мыңнан астам адам карантинге қарсы ереуілдетті

Наразылар "шектеу шаралары ел экономикасын ғана емес, қарапайым халықтың да қалтасын қақты" деседі.

"Қамалып отыру мүмкін емес!": 6 мыңнан астам адам карантинге қарсы ереуілдетті
фото: Reuters

Австрияның Вена қаласында халық биліктің коронавирусқа қарсы қабылдаған қатаң шектеу шараларына қарсы ереуілге шықты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Шаһар көшелеріне 6 мыңнан астам адам жиналған. Арасында студенттер мен кәсіпкерлер бар. Наразылар «шектеу шаралары ел экономикасын ғана емес, қарапайым халықтың да қалтасын қақты» деседі. Студенттер қашықтан оқу форматынан әбден мезі болғандарын айтады.

Ал Австрия билігі елдегі карантинді қаңтардың 24-іне дейін ұзартпақ ниетте. Нақты шешім бүгін жарияланады. COVID-19 пандемиясы басталғалы елде 390 мың адам қауіпті вирус жұқтырып, оның 7 мыңға жуығы көз жұмған.

"Бұрынғы тыныс-тіршілікке оралатын кез келді. Әлеуметтік арақашықтық пен жеке бас гигиенасына қарсы емеспіз. Бірақ бұдан былай қамалып отыру мүмкін емес", - дейді ереуілшілердің бірі.