Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанға келуі тиіс Pfizer вакцинасынан 23 адам көз жұмды

Pfizer мен BioNTech өнімін алдымен Қарттар үйінің тұрғындарына егіп көрген...

Қазақстанға келуі тиіс Pfizer вакцинасынан 23 адам көз жұмды
фото: ашық дереккөз

Норвегияда COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам қайтыс болды. Бұл туралы Норвегия дәрі-дәрмек агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды paryz.kz.

Көз жұмғандардың барлығы - 80 жастан асқан, созылмалы аурулары бар қарт адамдар. Ұлттық денсаулық сақтау институты енді егде жастағылардың екпе қабылдау тәртібіне өзгеріс енгізбек.

"Вакцинамен байланысты 23 өлім фактісі бар. Қазір оның 13-ін мамандар зерттеп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Норвегияда халықты жаппай вакциналау науқаны 27 желтоқсанда басталған. Pfizer мен BioNTech өнімін алдымен Қарттар үйінің тұрғындарына егіп көрген.

Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Pfizer/BioNTech вакцинасын шұғыл қолдануға ұсынылатын препараттар қатарына қосқан. Ол енді Қазақстанға биылғы екінші жартыжылдықтан кейін келеді деп күтілуде.