Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Прокуратура Трамптың ұлын тергеуге шақыртып жатыр

Washington Post мәліметінше, прокурорлардың айтуынша, Инаугурациялық комитет Колумбия округіндегі қонақүйдің бал өткізетін залын жалға алу үшін миллион доллар жұмсаған. 

Прокуратура Трамптың ұлын тергеуге шақыртып жатыр
фото: Brynn Anderson

Колумбия округі бас прокуратурасының офисі АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлын жауап алуға күтіп отыр. Бас прокуратураның хабарламасында Инаугурациялық комитеттің ақшасы Трамптың ұлының қонақүй бизнесіне жұмсалғаны жазылған. Бұл туралы 2020 жылдың қаңтарында шағым түскен, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Washington Post мәліметінше, прокурорлар Инаугурациялық комитет Колумбия округіндегі қонақүйдің бал өткізетін залын жалға алу үшін миллион доллар жұмсағанын айтқан. Сондай-ақ басылымның материалында Инаугурациялық комитеттің салықтан босатылған коммерциялық емес ұйым екені аталған. Ал қонақүйдегі бөлмелерді кіші-Трамптың айналасындағы адамдар жалдаған.

Президенттің ұлы мен Trump Organization инаугурация үшін бөлінген ақшаның көрсеткештерін беру туралы Washington Post-тың сауалына жауап бермеген. Ал прокуратураға түскен шағымда Трамптың компаниясына Инаугурациялық комитеттен алған ақшаны қайтару талап етіліп отыр. Содан кейін ол қаржы қайырымдылыққа жұмсалатыны жазылған.