Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Әзербайжан Қарабақта терроризмге қарсы операцияны бастады

Әзербайжан Карабахта конституциялық құрылысты қалпына келтіру үшін жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларды бастады, деп хабарлады елдің әскери ведомствосы.

Әзербайжан Қарабақта терроризмге қарсы операцияны бастады
© Sputnik / Игорь Михалев

Әзербайжанның қорғаныс министрлігі бірқатар міндеттерді белгіледі:

үшжақты өтініштің ережелерін қамтамасыз ету;

Карабахтағы кең ауқымды арандатушылықтардың жолын кесу;

Әзербайжан аумағынан Армения қарулы күштерінің жасағын қарусыздандыру және шығару;

армян әскери инфрақұрылымын бейтараптандыру;

азат етілген аумақтарға қайтып келетін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

конституциялық құрылысты қалпына келтіру.

Қабылданған шаралар туралы Ресей бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы мен бірлескен түрік-ресей мониторингтік орталығының басшылығы хабардар етілді.

Бұған дейін қазақстандық СІМ Таулы Карабах бойынша мәлімдеме жасаған болатын.

Таулы Карабах төңірегіндегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын батыл қолдайтынын тағы да растады, сондай-ақ БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес барлық мәселелерді саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді жақтайды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі Буяр Османи Армения мен Әзербайжанға қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді және тараптарды сындарлы диалогқа шақырды.