Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Жоғалып кеткен" Джек Ма бой тасалауға мәжбүр екен

Қытайдың коммунистік партиясы антимонополияға және капитал экспансиясына жол бермеу үшін Джек Маның Alibaba-сын ұлттық компанияға айналдыруға кіріскен еді...

"Жоғалып кеткен" Джек Ма бой тасалауға мәжбүр екен
фото: ашық дереккөз

Джек Ма жоғалмапты. Ол Бейжіңдегі биліктен қысым көрген соң, бой тасалауға мәжбүр болған, деп хабарлады paryz.kz, шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Әйгілі миллиардер көрінбей кеткен соң, БАҚ ол туралы әртүрлі ақпарат таратып жатыр. Қытайдың коммунистік партиясы антимонополияға және капитал экспансиясына жол бермеу үшін Джек Маның Alibaba-сын ұлттық компанияға айналдыруға кіріскен еді. Сол үшін оның еншілес компаниясы Ant Group-ты IPO-ға шығармаған болатын. Осыдан кейін Джек Ма көрінбей кетті. Бұл өз кезегінде оған тиесілі компания құнды қағаздарының арзандауына алып келді.

Қазір Alibaba акциясы – 227 доллар. Соңғы екі күнде ол 9 долларға дейін түсті.

Джек Ма әлемдегі ең бай азаматтар тізімінде 25-орында. Дәулеті – 50 млрд доллар.