Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік болды: 100-ден аса адам жарақат алған

Қырғызстанда "Достук" пен "Ынтымақ" командалары арасындағы көк-бөрүден Президент кубогының финалы тәртіпсіздіктермен аяқталды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: видеодан скриншот

Оқиға Ош облысындағы "Толойкон" ипподромында болған. Ойын нәтижесінде жеңіс "Ынтымаққа" бұйырған, бірақ көрермендер төрешілікке наразы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, төреші соққыға жығылған. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан оны полицейлер қалай алып кеткенін көруге болады.

Оқиға куәгерлері түсірген кадрлардан жедел жәрдем көлігіне адамдар тас атып, барлық терезесін сынғанын көруге болады. Көпшілік көліктің жүруіне кедергі келтірген. Видео авторының пікіріне қарағанда, адамдар көлік салоннан төрешіні іздегенін түсінуге болады.

Оқиға куәгерлері мемлекет басшысы Садыр Жапаров, Бас прокурор Құрманқұл Зұлушев және Жоғарғы сот төрағасы Замирбек Базарбековтің оқиғаға реакциясын видеоға түсіріп алған.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, тәртіпсіздіктер салдарынан 100-ден аса адам зардап шеккен. Ауруханада екі адам жатыр: бірі көкбөрү қатысушысы, екіншісі тәртіп сақшысы. Ойыншы тәртіпсіздік кезінде емес, ойын кезінде жарақат алғаны нақтыланған.

Ведомство мәліметінше, медициналық шатырларда тағы 100-ге жуық адамға сол жерде амбулаторлық көмек көрсетілген.

Тәртіпсіздікке байланысты МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев үндеу жасады. Ол төбелеске қатысқандардың барлығы, соның ішінде арандатушылар да жазаланатынын мәлімдеді.