Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жаңа туған нәрестелерді өлтірумен айналысқан медбике ең ауыр жазаға кесілді

Британ соты жаңа туған бірнеше нәрестені өлтірді деп айыпталған медбикені елдегі ең қатаң сот жазасына кесті, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Жаңа туған нәрестелерді өлтірумен айналысқан медбике ең ауыр жазаға кесілді
Фото: Azattyq Ruhy

Euronews хабарлауынша, 33 жастағы Люси Летби Англияның солтүстік-батысындағы аурухананың неонатальды бөлімшесінде медбике болып жұмыс істеген бір жыл ішінде жеті сәбиді, оның ішінде екі үшемді өлтіргені және тағы алты баланың өміріне қастандық жасамақ болғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

«Осы сот процесінде сіз өзіңіз істеген қылмыстарыңыз үшін жауапкершіліктен бас тартып, кінәні басқаларға жүктеуге тырыстыңыз. Сіз еш өкінген жоқсыз. Сот шешімін жеңілдететін жағдайлар болған жоқ. Бірнеше адамды өлтіру және өлтіруге оқталу қылмыстары ерекше ауыр және әділ жазаны талап етеді, яғни заң бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделеді», - деп атап өтті судья Джеймс Госс.

Өлтірілген және мүгедек болып қалған балалардың ата-анасымен кездеспес үшін Летби сот отырысына қатыспауға шешім қабылдады. Британ заңының рұқсатымен оның сотқа келмеуі жұртшылықтың ашуын туғызды. Көптеген саясаткер мен құқық қорғаушылар қылмыскерлерді жәбірленушілер мен олардың отбасыларымен кездесу үшін сотқа келуге мәжбүрлеу үшін заңға өзгерістер енгізуді талап етті.