Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының сайтында Кендалл-Тейлордың диссертациялық жұмысын Қазақстан және Әзербайжанда қалып жазғаны айтылған.
АҚШ ұлттық барлау қызметінің бұрынғы мүшесі Андреа Кендалл-Тэйлор Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесте Ресей және Орталық Азия істері жөніндегі директор болады, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұрын Андреа Кендалл-Тэйлордың барлау аға офицері, Ұлттық барлау кеңесінде Ресей және Еуразия жөніндегі ұлттық барлау қызметкерінің орынбасары болған. Сондай-ақ ол Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығында аға ғылыми қызметкер және трансатлантикалық қауіпсіздік бағдарламаларының директоры қызметін атқарған.
Кендалл-Тейлор Сан-Диего қаласында туған және Принстон университетінде Phd дәрежесін алған. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің саяси ғылымдар кандидаты. Қазір ол Мэриленд штатындағы Бетесда елді мекенінде 3 баласы және күйеуімен тұрады.
Routledge.com дерегіне сүйенсек, Кендалл-Тейлор 2010 жылы Каспий аймағындағы негізгі 3 мұнай экспортшылары - Қазақстан, Әзербайжан және Түрікменстанның дамуындағы мұнай және газдың рөлі және энергоресурстар Ресей, Қытаймен өзара қатынасқа қалай ықпал етітінін талдап, Caspian Energy Politics деген атаумен бірлескен диссертациясын жариялады.
Жаңа америкалық қауіпсіздік орталығының сайтында Кендалл-Тейлордың диссертациялық жұмысын Қазақстан және Әзербайжанда қалып жазғаны айтылған.