Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Цукерберг Маскпен жекпе-жектен бас тартты

Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг Илон Маскпен жекпе-жектен бас тартып, Х (бұған дейін Twitter) басшысын өз сөзіне «байсалдықпен қарамайды» деп айыптады. Бұл туралы ҚазАқпарат The Guardiаn басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Цукерберг Маскпен жекпе-жектен бас тартты
Фото: inform. kz

Технологиялық миллиардерлер маусым айында жекпе-жек өткізуге келіскен еді. Алдымен И.Маск Twitter-де М.Цукербергпен «айқасқа дайын екенін» жазды. Кейін Цукерберг бұл шақыруды қабыл алып, кездесу өтетін орынды белгілеуді сұрады.

Алайда, жексенбі, 13 тамызда Цукерберг Масктың өз сөзіне «байсалдықпен қарамайынын» мәлімдеді.

«Мен нақты датаны ұсындым. Дана Уайт жекпе-жекті қайырымдылық мақсатта өткізуді ұсынды. Илон нақты дата мен ресми шара туралы байсалдықпен айта бастаған күні, менімен қалай байланысу керектігін біледі. Олай болмаған жағдайда, бізге әрі қарай жылжу керек. Мен спорттың бұл түріне байсалдықпен қарайтын адамдармен жарыс өткізгім келеді», - деп мәлімдеді Цукерберг.