Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ташкентте 2 күнге лифтіде қалып қойған әйел көз жұмды

Ташкенттегі жаңа ғимараттардың бірінде лифтінің ішінен әйелдің денесі табылды, деп хабарлады Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ташкентте 2 күнге лифтіде қалып қойған әйел көз жұмды
Фото: pixabay.com

Іздестіру жұмыстарын жүргізетін Uzalert волонтерлер тобы өздерінің ақпарат арнасында әйелдің жоғалғаны туралы 26 шілдеде хабарлады. Белгілі болғандай, пошташы болып жұмыс істеген 32 жастағы әйел жұмыстан кейін кейін үйіне оралмаған. 26 шілдеде оған іздеу салынды.

28 шілдеде Uzalert жоғалған әйел қаладағы жаңа ғимараттардың бірінде лифт ішінде өлі күйінде табылғанын мәлім етті.

«Ольганың жаңа ғимараттағы лифтіге кіріп бара жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Белгілі болғандай, лифт ең соңғы қабатта істен шыққан. Үйде тұрғындар аз болғандықтан, лифтінің тұрып қалғанын ешкім елемеген», – деді еріктілер.

Тексеру барысында үй тұрғындары лифт бірнеше күн бойы ақаулы күйде болғанын және мұндай жағдай бұған дейін жиі орын алғанын түсіндірді.

«Алдын ала медициналық қорытындыға сәйкес, әйел өліміне жүректің ишемиялық ауруы, жедел жүрек-тамыр және тыныс алу қызметінің жеткіліксіздігі себеп болды», – деп хабарлады елдің Бас прокуратурасынан.