Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Наубайхана қожайыны нанның ішіне 10 мың еуро жасырған

Ол енді мұндай маркетинг әдісінен көп ақша түсеріне күмәнданбайды. Себебі адамдар "рождестволық ғажайыпқа" сеніп, 10 мың еуроны ұтып алудан үмітін үзбейді...

Наубайхана қожайыны нанның ішіне 10 мың еуро жасырған
фото: дереккөз

Испанияның Леон провинциясындағы Ла-Баньеса қаласында Confitería Conrado атты кондитерлік наубайхана бар. Рождество қарсаңында бұл шағын кәсіпорынның иесі 10 мың еуро ақшаны наубайхана клиенттерінің арасында ұтысқа салуды ұйғарыпты, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Сөйтіп, қомақты ұтыс роскон пісірмесінің (Roscón de Reyes) ішіне салынды. Жалпы наубайхана иесі Серхио Гонсалес 2009 жылы да нанның ішіне ақшалай ұтысты жасырған екен. Бірақ ол кезде "тосынсыйдың" сомасы небәрі 500 еуро болған. Мұны естіген адамдар сол кезде ішіне ұтыс салынған пісірмені сатып алудан дәмеленіп, Испанияның түкпір-түкпірінен ағылған екен.  Ал қазір наубайхана өнімін сайт арқылы елдің кез келген жеріне тапсырыспен алдыртуға болады. Арақашықтығына қарай ең ұзағы 24 сағатта жеткізіледі. Осының барлығын есепке алған қожайын енді мұндай маркетинг әдісінен көп ақша түсеріне күмәнданбайды. Себебі адамдар "рождестволық ғажайыпқа" сеніп, 10 мың еуроны ұтып алудан үмітін үзбейді. Сәйкесінше, росконды көптеп алады.

Айта кету керек, роскон – әзірленуі оңай тоқбасар пісірме нан. Ең бастысы, қамырдың ашуын қадағалап, пісірген кезде белгілі бір температураны ұстанған жөн. Дұрыс піскен мұндай росконды тіпті бір апта бойы жеуге болады екен.