Билік басындағы Талибан қозғалысы мұндай нысандарды жабуға бір ай уақыт берген еді.
Сарапшылардың пікірінше, осының салдарынан 60 мыңнан аса әйел жұмыссыз қалады.
Бұл онсыз да жағдайы мәз емес ел экономикасына қосымша салмақ болғалы тұр, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Еске салып кетсек, осыған дейін Ауғанстан әйелдеріне жоғары білім алуға, бірқатар салада жұмыс істеуге және ер туысынсыз саяхаттауға тыйым салынған болатын.