Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Трамптың жақтастары Вашингтонда Сенат залын басып алды (ФОТО, ВИДЕО)

Байден Дональд Трамптан өз жақтастарының әрекетін дереу айыптауды талап етті.

Трамптың жақтастары Вашингтонда Сенат залын басып алды (ФОТО, ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Дональд Трамптың жақтастары АҚШ Конгресі президент сайлауының нәтижелерін растап, бір күн бұрын жаппай наразылық акцияларын өткізді. Джозеф Байден Вашингтондағы оқиғаларды жай наразылық емес, бүлік деп атады, деп хабарлады paryz.kz

Бастапқыда полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті граната қолданып, тәртіпсіздіктің алдын алмақ болған. Конгресске кіретін бірнеше кеңсе эвакуацияланды. 

"Наразылық білдірушілер Капитолийге шабуыл жасап, Сенат залын басып алды. Олар бізден іште тұруымызды сұрады", - деп жазды америкалық сенатор Джеймс Лэнкфорд Twitter желісіндегі парақшасында. 

Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам зардап шеккен. 

Наразылықтар АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімін бастаған кезде басталды. Сайлау қорытындыларын бекітуге қарсылықтар айтылып, талқылау басталды. Сенаторлар тобы Аризона сайлаушыларының дауыстарын мақұлдауға қарсылық білдірген. 

Оклахома штатының сенаторы Джеймс Лэнкфорд сөйлеп жатқан кезде оған сөзін аяқтауға мүмкіндік бермей, төраға үстелді балғамен ұрып, сенаторлар қайта шақырылғанға дейін жұмыс тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыдан кейін хабар тарату тоқтатылған болатын. 

"Сайланған үкіметтің қауіпсіздігіне төнетін қауіп - наразылық емес. Бұл - бүлік. Әлем не болып жатқанын бақылап отыр. Ұзақ уақыт жарық пен демократияға үміт артқан ұлтымыздың осындай күңгірт сәтке келгені мені қатты таңғалдырды және қынжылтты", - деді сайланған президент Джозеф Байден.

Сондай-ақ, Байден Дональд Трамптан өз жақтастарының әрекетін дереу айыптауды талап етті.