Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Армения президенті Лондонда жүріп коронавирус жұқтырды

"Армен Саркисян Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен бірге қарсы алды..." - деп атап өтті президент аппаратынан.

Армения президенті Лондонда жүріп коронавирус жұқтырды
фото: president.am

Лондонда Жаңа жылды өз отбасымен қарсы алған Армения президенті Армен Саркисян коронавирус жұқтырды, деп хабарлады paryz.kz, ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Президент Армен Саркисян Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен бірге қарсы алды. 3 қаңтарда Саркисянның аяғына Лондонда сәтті ота жасалды. Алайда президенттен коронавирустың жаңа түрінің белгілері байқалған. Оның тапсырған тест талдауы оң нәтиже көрсетті. Президент Саркисян оқшауландырылды және қызметін уақытша қашықтықта жалғастыратын болады", - деп атап өтті Армения президентінің аппаратынан.

Хабарда нақтыланғандай, Саркисян 2018 жылы республика президенті болып тағайындалғанға дейін әр жылдары Біріккен Корольдіктегі Армения елшісі қызметін атқарған. Оның отбасының бір бөлігі әлі күнге дейін сол жерде тұрады.

"Арменияда коронавирусты инфекция жұқтырғандардың бір бөлігі өткен тәулікте 324 адамға өсіп, 160 544 болған. Соңғы 24 сағатта ауруханаларда коронавирус жұқтырған 14 науқас көз жұмған. Ал пандемия басталғалы 2878 адам мерт болып, инфекция республика тұрғындарының 5,5%-нан анықталған. Ал республика халқының саны - 2,9 млн адам", - делінген хабарда.