Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оларға Pfizer мен BioN-Tech компаниялары өндірген препарат егілген.
Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған екі адам көз жұмды. Марқұмдар - Қарттар үйінің тұрғындары, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оларға Pfizer мен BioN-Tech компаниялары өндірген препарат егілген.
Норвегияда вакцинация науқаны желтоқсанның 27-сінде басталған еді. Дәріні алдымен егде жастағы тұрғындар мен медицина қызметкерлері қабылдады.
Айта кетейік, жалпы пандемия басталғалы бұл елде 50 мыңнан астам адам індеттің құрығына ілікті. Олардың 450-ге жуығы осы кеселден көз жұмған.