Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Дәрігерлерге Михаил Саакашвилиді қарауға рұқсат етілді

Польшалық дәрігерлер Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді кешенді медициналық тексеруден өткізуді бастады, деп хабарлайды Paryz.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлерге Михаил Саакашвилиді қарауға рұқсат етілді
Фото: Twitter/KyivDuke

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий оның ұсынысы бойынша бір топ поляк дәрігері Грузияның экс-президентін кешенді тексеруді бастағанын айтты, деп жазды "Украинская правда".

Саясаткердің адвокаты Дито Садзаглишвили де жарты жыл бұрын Еуропалық Одақ жіберген бір топ дәрігерге абақтыдағы Саакашвилиге кіруге рұқсат етілгенін хабарлады.

Алты ай сөз бұйдаға салған үкімет ақыры дәрігерлерге Михаил Саакашвилиді қарауға рұқсат берді. Еуроодақ тарапынан медициналық миссия құрылды. Олар оның жағдайын тексеріп жатыр, кейін қорытындысын шығарады, – деді Дито Садзаглишвили.

Саакашвилидің денсаулығы мен қамаудағы еміне қатысты алаңдаушылық өткен аптада ол бірнеше айдан кейін сот отырысына бейнебайланыс арқылы шыққаннан бері күшейе түсті. Оның құр сүлдері ғана қалған.

Бұған дейін тәуелсіз дәрігерлер Грузияның экс-президенті түрмеде отырған кезде пайда болған сырқаттан өлуі мүмкін деп мәлімдеген. Алайда Грузия билігі Саакашвилиге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын алға тартып отыр.

Саакашвили соңғы рет сотқа қатты қажыған күйде қатысқаннан кейін Украина Грузия елшісін шақыртып, "кеңес беру үшін" Тбилисиге оралуын өтінді. Грузияның Украинадағы елшісі Георгий Закарашвили шілденің басында жолға шықты.

Саакашвили 2021 жылғы жергілікті сайлау қарсаңында Грузияға оралғаннан бері қамауда отыр және оның денсаулығы соңғы кездері айтарлықтай нашарлаған.