Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

БҰҰ Құранның өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Құранның өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады, деп хабарлайды informburo.kz. 

БҰҰ Құранның өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады
Фото: Getty Images

Бұл туралы ұйым хабарлаған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Құранды қорлау үшін жасалған қоғамдық әрі қасақана әрекеттерді айыптайды және мұндай дінге қарсы жауыздық үшін кінәлілерді Халықаралық адам құқықтарынан туындайтын мемлекеттердің міндеттемелеріне сәйкес жауапқа тарту қажет екенін хабарлайды, – деп жазылған қаулыда.

Бұл қаулыны 28 ел өкілі қолдады. Ал 12 ел қарсы болды, қалған жеті ел бейтарап қалды.