Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Оңтүстік Кореяда 1000-ға жуық «елес нәрестелер» ісі тергеліп жатыр

Оңтүстік Кореяда ісі тергеліп жатқан «елес нәрестелер» 939-ға жетті, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда 1000-ға жуық «елес нәрестелер» ісі тергеліп жатыр
фото: Yonhap

Оңтүстік Корея үкіметі 2015 жылдан бері тіркелмеген 2000-нан астам нәрестенің аман-есендігін тексере бастады. Бұл балалардың өмірге келгені туралы медициналық жазба бар болғанымен, туғаны ресми тіркелмеген.

Полицияға тіркелмеген нәрестелерге қатысты 1069 іс хабарланғанымен, әзірге оның 939-ы тергеліп жатыр.

939 «елес нәрестенің» 34-і қайтыс болғаны расталды. Полиция 34 баланың 14-і зорлықпен өлмегенін анықтады.

Қазір Оңтүстік Корея полициясы 11 баланың өлімі күмәнді екенін айтып, тергеп жатыр, оның ішінде ел астанасы – Сеулдегі екі бала өлімі бар.

Yonhap ақпараты бойынша, полиция төрт нәрестенің өліміне ата-анасының қатысы бар екенін анықтап, істі прокуратураға жіберді.

Қазіргі уақытта полиция тіркелмеген 782 нәрестенің қайда екенін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

2000-нан астам нәрестенің аман-есендігін тексеру науқаны өткен айда 2018 және 2019 жылдары дүниеге келген нәрестелерін буындырып өлтіріп, сол уақыттан бері олардың мәйітін Сеулден оңтүстікке қарай 30 шақырым жердегі Сувондағы пәтерінде, тоңазытқыштың ішінде сақтаған әйел ұсталған соң басталды.