Осылайша, Дильгоза Мамадова 7 баланың анасы атанып отыр.
Тәжікстанның Кубодиен ауданында 30 жастағы тұрғын өмірге бірден 5 сәби әкелді. Бұл – осы елде алғаш тіркеліп отырған жайт, деп хабарлады paryz.kz, ozodi.org-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, балалар бақылауда және олардың жағдайы жақсы. Осыған дейін 2 сәбиді дүниеге әкелген Дильгоза Мамадова тағы 2 ұл мен 3 қызды бірден босанып, 7 баланың анасы атанды.
Жүкті келіншек босанғанға дейін 2 ай дәрігерлер бақылауында және соңғы 20 күнде перзентханада болған.